23.11.2012, 14:33 2843

Арзан азық-түлік тауарларының дәуірі артта қалды

Азық-түлік жетіспеушілігіне қатысты орын алатын көшіп-қонулар әлемдік экономикалық өсімнің ғаламдық тұрақтылығына қауіп төндіретін болады. Біздің еліміз осындай қауіп-қатерлер мен қиындықтарға дайын болуы керек. Бұл туралы VI қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

Астана. 23-қараша. Kazakhstan Today - Арзан азық-түлік тауарларының дәуірі артта қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, азық-түлік жетіспеушілігіне қатысты орын алатын көшіп-қонулар әлемдік экономикалық өсімнің ғаламдық тұрақтылығына қауіп төндіретін болады. Біздің еліміз осындай қауіп-қатерлер мен қиындықтарға дайын болуы керек. Бұл туралы VI қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

"Арзан азық-түлік тауарларының дәуірі артта қалды. Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі миллиардтаған адамдар үшін аса маңызды болып отыр. Барлық жерде көптеген мәселелер сақталып қалып отыр, оның ішінде этикалық тұрғыдан алғанда, нарықтық бағаларға көрсетіліп жатқан қаржылық спекуляциялар мен трансұлттық компаниялар тарапынан азық-түлік өнімдеріне сату мен өндірілуінің қадағаланулары да бар", - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ ол атақты шетелдік сарапшылардың қазіргі уақытта адамзаттың тұтуны бағасының азық-түлік құнының артуына тәуелді болатын жаңа экономикалық шындық дәуіріне көшіп жатқандығын ескертіп айтқанын еске салып өтті.

"Ал, қорларға ие болу күресі мен азық-түлік жетіспеушілігіне қатысты орын алатын көшіп-қонулар әлемдік экономикалық өсімнің ғаламдық тұрақтылығына қауіп төндіретін болады. Біздің еліміз осындай қауіп-қатерлер мен қиындықтарға дайын болуы керек. Және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "дағдарыс жылдары - мүмкіндік жылдары" деп атап өткенін ұмытпай, олардан пайда табу жағын қарастыруымыз қажет. Мұндай мүмкіндікті босқа жіберуге болмайды", - деді Қ.Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны