03.06.2008, 10:05 1530

Аштық жариялаушылар "Алматыжер" МҚК жаппай қысым көрсетуді ұйымдастырды деп айыптауда

Аштық жариялаушылар "Алматыжер" МҚК жаппай қысым көрсетуді ұйымдастырды деп айыптауда

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Аштық жариялаушылар оларға "Алматыжер" МҚК сот және құқық қорғау органдары тарапынан жаппай қысым көрсетуді ұйымдастырды деп айыптауда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Соттар шаршы метріне 1 мың АҚШ долларынан төмен бағамен меншік құқынан күшпен айыру туралы шешім қабылдай бастаған кезде "Алматыжер" МҚК өзге меншік иесімен дәл сондай пәтерді үш есе артық бағамен сатып алу туралы келісім жасасқан", - деп мәлімдеді журналистерге арналған брифингте құқық қорғаушы Василий Школьный.

"Соттар сырттай шешім шығара бастады. Алайда, пәтерінің шаршы метрі 955 АҚШ долларына бағаланған азаматтарға қатысты олар аталмыш шешімнің сырттай шығарылғанын жазуды ұмытып кетеді. Яғни, қабылданған шешімдерді өрескел бұрмалау жүріп жатыр. Шығарылған шешімдерде бұл шешімнің сырттай өндіріс тәртібімен сот үкімін бұздыру туралы шағым түсіруге болады деп көрсетілмейді. Жай ғана қалалық соттың аппеляциялық инстанциясында кәдімгі тәртіппен шағым түсіруге болады деп жазылады. Бұл құжат жалғандығы. Адамдар сотқа келіп, өз құқығыңды қорғай аласың дегенге күн өткен сайын сенбей бара жатыр", - деді В. Школьный.

Ол сондай-ақ, меншікті алу бағалауды ескере отырып жүруі керектігін мәлімдеді. Біз алу органы меншік құқын анықтайтын құжаттарды (онсыз бағалау жүргізу мүмкін емес) рәсімдеуге көмектесуін өтінгенімізде үзілді-кесілді бас тартылды. Сотқа берілген барлық жазбаша өтініштерден соттар ауызша бас тартты.

Соттың кезекті күшпен тартып алу туралы шешімі шығарылғаннан кейін көшетін тұрғындардың бірінің жүйкесі сыр берген. Тұрғындардың айтуынша, ол үйге жанармай шашып, үйін өртеп жібермек болған. Туысқандары дер кезінде одан сіріңкені тартып алып, "жедел жәрдем" шақырған. Ер адамды психиатриялық бөлімшеге алып кеткен.

Сонымен қатар, аштық жариялаушылардың айтуларынша, оларға құқық қорғау органдары тарапынан да қысым көрсетіліп отыр. "Прокуратура кез келген бейбіт шерулерге тыйым салып, тұрғындарға қатысты қылмыстық және әкімшілік іс қозғаймыз деп қорқытады. Соттарда сырттай сот отырыстары өтіп, күшпен көшіру туралы шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Ил Фараби - Розыбақиев - Қожабеков - Гагарин көшелерінің аралығында тұратын адамдар күшпен көшіруге қарсы аштық жариялағалы бері 17 күн өтті. Ол бірінші кезекте, сот істерінің күшін жоюды талап етуде. Содан кейін ғана "Алматыжер" өкілдерімен келіссөз жасасуға келісім беріп отыр.

Оған дейін аштық жариялаушылар әртүрлі билік сатыларына көмекке жүгінген. Олар өткен аптада ҚР президентіне үндеу жариялады. Ал кеше Қазақстандағы ЕҚЫҰ өкілдігіне әкеліп берді.

Үндеулерінде қалалықтар 16 мамырда бастап аталмыш ауданның 11 адамы "Алматыжер" МКК мен құрылыс салушы "Сити Сервис Инвест Строй" ЖШС коммерциялық мүддесіне орай жер мен үйлерді күшпен тартып алып жатқан соттарға қарсылық ретінде аштық жариялаған.

"Біз жылжымайтын мүлік нарығының ірі ойыншыларының коммерциялық мүддесіне орай баспанамыздан айырылғымыз келмейді және лайықты өмір сүруге деген құқығымызды соңына дейін қорғаймыз", - деп жазған тұрғындар.

Брифинг кезінде қарсылық көрсетуші тұрғындар аштық жариялаушылар қатарына тағы үш адам келіп қосылғанын хабарлады.

Өткен аптада Алматы қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездесуінде көшірілетін тұрғындардың проблемасын шешуді көздеп отырғанын жеткізген.

"Мен аштық жариялаушыларды жақсы түсінемін. Иә, өткен жылы жылжымайтын мүлік құны басқаша болған. Ал биыл ол айтарлықтай түсіп кетті. Біз нақты жағдайға орай шешім қабылдауымыз керек. Бұл біреудің еркелігі емес, бұл нарық жағдайы. Егер келіспесең, тәуелсіз сарапшылар бар. Сот қалай шешсе, солай болады. Қалай болғанда да Алматы қаласының соты толығымен тәуелсіз. Мен Қазақстанның сотын да солай ойлаймын. Бізде басқа нәрсе ойлап табылған жоқ. Сондықтан, сот шешімін құрметтеуіміз және қабылдауымыз керек. Заңға бағынуымыз керек. Дегенмен, адамдардың проблемалары мен алаңдаушылықтары түсінікті. Біз оларды шешетін боламыз", - деп мәлімдеді А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны