29.10.2015, 18:00 3634

Искери-техникалық мектепте қазақстандық батырдыӊ мүсіні пайда болды

ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Орал әскери-техникалық мектебініӊ филиалында Кеӊес Одағыныӊ батыры Николай Майдановтыӊ мүсінініӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Орал әскери-техникалық мектебініӊ филиалында Кеӊес Одағыныӊ батыры Николай Майдановтыӊ мүсінініӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мүсін тікұшақшылардыӊ Самара өӊірлік қоғамдық қорымен оқу орнына сый ретінде берілді және "Жас Отан қорғаушылардыӊ алдыӊғы батырлығынан қазіргі заманғы батырлардыӊ ерліктеріне дейін" мектептіӊ әскери-тарихи ансамблін толықтырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Николай Майданов ҚазКСРО Орал облысыныӊ Жанбейіт ауданында дүниеге келген. Ол жауынгерлік ерліктері үшін батырдыӊ екі жоғары атағы берілген бірден-бір офицер болып табылады. Майданов Германиядағы Кеӊес әскерлерініӊ тобында сарбаз болып қызмет атқарды, Ауғанстандағы операцияларға қатысқан, онда 1 250 жауынгерлік ұшу жасап, ұрыс алаӊынан бір өзі 85 жараланған сарбаз бен офицерді шығарды, 1000 десантшы мен 100 тонна жүкті тасыды.

"ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебі" РМҚК бас директоры генерал-майор Владимир Шацковтыӊ айтуынша, өскелеӊ ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде өткен мен қазіргініӊ батырлық даралығы, отандастарымыз, балалардыӊ үлгі алуы тиіс кейіпкерлер маӊызды рөлге ие. Николай Майдановқа арналған мүсінніӊ ашылуы ортақ іске деген үлес.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны