14.04.2016, 14:14 4004

"Аспан жолы - 2016" бастау алуда

ҚР Қарулы Күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Ресей Федерациясында Армия халықаралық ойындары шеӊберінде өтеті "Аспан жолы - 2016" байқауына дайындықты аяқтауда

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Ресей Федерациясында Армия халықаралық ойындары шеӊберінде өтеті "Аспан жолы - 2016" байқауына дайындықты аяқтауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана маӊында орналасқан 44813 әскери бөлімініӊ базасында "Аспан жолы - 2016" байқауыныӊ екінші іріктеу кезеӊі аяқталуда. Аталмыш байқаудыӊ іріктеу кезеӊіне Шымкент қаласы 10216 әскери бөлімі мен Алматы қаласы 97617 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігіні? баспасөз қызметі.

"Сабақтар қауіпсіздік шаралары, арнайы техникалық даярлық және зымыран-оқ ату даярлығы бойынша жоспарға сәйкес өткізілуде. Нәтижелері бойынша зениттік-зымыран бөлімшелерініӊ үздік командалары анықталды", - деді "Аспан жолы - 2016" байқауы комиссиясыныӊ төрағасы полковник Темірболат Көшербаев.

Дайындық барысынжа әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жауынгерлік әзірлігін, механик-жүргізушілердіӊ ұрыс машиналарын жүргізуін көрсетті. Соӊында әскери қызметшілер арнайы техникалық зымыран және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, сондай-ақ жеке құрамныӊ білімі комиссиямен тексерілді.

"Қазір бізде "Аспан жолы - 2016" халықаралық байқауына іріктеу өтуде. Ир сабақ сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырамыз және өзіміздіӊ дене сымбаттылығымызды жақсы қалыпта ұстаймыз. Біз осы халықаралық додада бірінші орынды жеӊіп алуға үміттіміз", - деді 97617 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі лейтенант Данияр Есмұхан.

"Аспан жолы - 2016" әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерініӊ арасындағы далалық дағды бойынша халықаралық байқау ағымдағы жылдыӊ шілде айында Ресей Федерациясыныӊ Ашулук полигонында өткізілетінін естеріӊізге сала кетейік. Байқауға Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және өзге де мемлекеттер Қарулы Күштерініӊ командалары қатысатын болады.

Одан басқа, 15 сәуірде ҚР Қарулы Күштері Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері өзініӊ құрылған күнін атап өтетінін айта кетейік. Бұл әуе шекараларын күзететін және Қазақстан Республикасыныӊ маӊызды мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғайтын маӊызды әскер тектерініӊ бірі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны