23.12.2015, 19:36 3812

"Астана ЭКСПО-2017" ісіне қатысты қылмыстық іс 500 томнан асты

Бұл туралы бүгін Бас прокурордыӊ орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, атышулы істіӊ тергеу жұмыстары аяқталды. Енді күдіктілер барлық құжаттармен таныстырылып жатыр. Олардыӊ қатарында ұлттық компанияныӊ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев та бар

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында қаржыны жымқыруға байланысты қылмыстық іс 500 томнан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Бас прокурордыӊ орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, атышулы істіӊ тергеу жұмыстары аяқталды. Енді күдіктілер барлық құжаттармен таныстырылып жатыр. Олардыӊ қатарында ұлттық компанияныӊ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев та бар, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, биыл жазда "Астана ЭКСПО-2017" басқарма басшысы мен компанияныӊ бірнеше қызметкері ұсталған болатын. Олар 10 миллиард теӊгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр.

Нұрмұханбет Исаев, ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары:

- Күдіктілердіӊ құқығын бұзбау үшін біз қылмыстық істіӊ материалдарымен танысу уақытын шектей алмаймыз. Егер олар уақытты қасақана созып жатса, заӊ қылмыстық істіӊ материалдарымен танысудыӊ кестесін бекітуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта танысу қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бірақ оныӊ қанша уақытқа созылатынын болжай алмаймын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны