18.12.2014, 11:10 3699

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясында Тәуелсіздік күнін спорттық мерекемен атап өтті

Қазақстанныӊ Тәуелсіздік күніне орай "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы астаналықтар мен елорда қонақтарына арнап жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Тәуелсіздік күніне орай "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы астаналықтар мен елорда қонақтарына арнап жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

17 желтоқсанда қалаған адам "Алау" мұз сарайындағы мұз үстіндегі қызықты байқауларға, жылдамдықты сынайтын спорттық жарыстарға және кәсіби хореограф жетекшілігімен қойылған жаппай биге қатыса алды.

Спорттық мереке қызықты оқиғаларға толы өтті және қатысушыларға жарқын көӊіл-күй сыйлады. Олар "ЭКСПО-2017" жазуыныӊ алдында суретке түсіп, "Көӊілді хоккейшілер", "Пима киіп, арқан тарту", "Қаппен жүгіру" және тағы да басқа сайыстар мен эстафеталарға белсенді қатысты. Жарыстардыӊ жеӊімпаздары мен еӊ белсенді жанкүйерлері ЭКСПО-2017 бейнелемесі бар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Конькимен жаппай сырғанауға ересектер де, балалар да қатысты, жалпы алғанда 2 мыӊнан аса адам болды. Балаларға арналған ойын аймағында қуыршақтар, кәсіби аниматорлар мен аквагрим бойынша суретшілер балдырғандардыӊ көӊілін көтерді. Сонымен қатар іші кішкентай шарларға толған бассейн жұмыс жасады.

Бағдарламаныӊ соӊында мерекелік ас-шай берілді - "ЭКСПО- 2017" жазуы бар үлкен торттан іс-шараға қатысушылардыӊ бәрі дәм татып көре алды.

Мерекелер мен демалыс күндерді белсенді өткізу Қазақстанда қазір жақсы дәстүрге айналып үлгерді, өйткені салауатты өмір салты мен бұқаралық спорт қоғамда басымдық берілетін бағыт ретінде белгіленген. "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы екінші жыл қатарынан конькимен жаппай сырғанау іс-шарасын ұйымдастырып отыр, ол елорда тұрғындары арасында үлкен табысқа ие болуда. "Алау" мұз сарайында өткен жаппай сырғанауға қатысушылар демалыс күндерін диванда жатып емес, мұз сырғанаққа барып, достары мен жақындары ортасында өткізген жақсырақ екенін бірауыздан мойындады.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны