22.06.2007, 15:48 2856

Астана қалалық прокуратурасының пайымдауынша, Елордасы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен жасалынған бірқатар келісім-шарттары бұзылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілуге тиіс

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Астана қалалық прокуратурасының пайымдауынша, Елордасы аумағында құзыры жүретін жер қойнауын пайдаланушылармен жасалынған бірқатар келісім-шарттары бұзылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілуге тиіс. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасының алқа мәжілісінде мемлекеттік прокуратура органдарының іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жекелеген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушылармен арадағы келісім-шарттарын уәкілетті органдар жасаспаған. Атап айтсақ, бірқатар келісім-шарттарын Ақмола облыстық әкімшілігі жасасқан, ал жер қойнауын пайдаланушылардың іс-қызметі Астананың әкімшілік аумағы аясында жүргізілген",- деді Д.Қаржаспаев.

"Осындай келісім-шарттарын бұзбау және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірмеу салдарынан жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жер телімдерін мақсаттан тыс пайдалануға жол берілген ,- деді ол. Мәселен, оның айтуынша, Астана іргесіндегі Тельман ауылында әкімшіліктің қаулысында көрсетілгеніндей, игерілген карьерді рекультивациялау орнына "Айтпай" ЖШС іс жүзінде топырақ қазумен шұғылданған".

Бұған қоса, Д.Қаржаспаевтың айтуынша, Астана қалалық әкімшілігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мен Ақмола аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы "жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісімнің шарттарын ұстану жағдайын тиісті деңгейде қадағаламайды". "Илгі "Айтпай" ЖШС мемлекеттік мекемелерге қиыршықты топырақ өндіру жөніндегі жылдық жұмыс бағдарламасын, сондай-ақ, өткен тоқсаннан келесі айдың 25-ші жұлдызына дейінгі өз іс-қызметінің есебін бермей отыр. Осы тектес заң бұзушылықтар "Астана-Брик" ЖШС мен "Бине" ЖШС-нің іс-қызметінен де анықталды",- деді прокуратура өкілі.

"Департамент пен инспекцияның лауазым иелерінің өз міндетіне деген немкетті әрекеттері салдарынан келісімдердің шарттары орындалмай, олның соңы жер қойнауын тиімсіз пайдалануға алып келуде",- деді Д. Қаржаспаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны