20.07.2015, 12:51 3629

Астана қаласы Ішкі істер департаменті халықты интернет-алаяқтық фактісі жөнінде ақпараттандырады.

Осыған ұқсас оқиға интернет сайттары арқылы Англиядан 3 бесік-арба (коляска) мен 3 шезлонгқа 2 420 АҚШ доллары ортақ сомада тапсырыс жасап, содан кейін тапсырысты жеткізушілердіӊ түрлі сылтауымен 16 813 АҚШ долларын төлеген Е.есімді зардап шегушініӊ басынан өткен.

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Астана қаласы "Алматы" аудандық ІІБ Ш.есімді азаматшаныӊ арызы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Азаматша шетелдік банктіӊ бірінен 4 000 000 евро сомасында минималды 2%-бен несие алу мақсатында жалған комиссия мен салықтарды төлеу үшін аталмыш банктіӊ қызметкерлері болып таныстырған азаматтарға 154 623 АҚШ долларын аударған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған ұқсас оқиға интернет сайттары арқылы Англиядан 3 бесік-арба (коляска) мен 3 шезлонгқа 2 420 АҚШ доллары ортақ сомада тапсырыс жасап, содан кейін тапсырысты жеткізушілердіӊ түрлі сылтауымен 16 813 АҚШ долларын төлеген Е.есімді зардап шегушініӊ басынан өткен.

Жәбірленушілерді сендіру үшін алаяқтар жалған төлқұжаттардыӊ көшірмелерін, жалған чектер, баж төлемі туралы кедендік рұқсатнамалардыӊ жалған түрлерін салып жіберіп отырған.

Астана қаласы ескертеді: тексерілген интернет - сайттармен жұмыс жасап, тауарды алғаннан соӊ түгел төлем жасамау қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны