01.10.2007, 16:18 3136

Астана қаласының әкімі Халықаралық астаналар және ірі қалалар Ассамблеясының бірінші вице-президенті болып сайланды

Астана қаласының әкімі Халықаралық астаналар және ірі қалалар Ассамблеясының бірінші вице-президенті болып сайланды

Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының әкімі отырысы 28 қыркүйек күні Башқұртстан астанасы Уфада өткен Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының бірінші вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының 11-ші сессиясында Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының президенті болып Мәскеу мэрі Юрий Лужков, ал бірінші вице-министрі болып Астана әкімі Асқар Мамин сайланды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, сессия барысында Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының мүшелігіне 6 қала енді. Олардың қатарында Запорожье, Ижевск, Луганск, Ош, Рязань және Сухуми бар. Осылайша, ұйымға мүше қалалар саны 70-ке дейін өсті.

Бұрын хабарлағанымыздай, сессияда ірі қалалардың қала құрылысын дамыту концепциясын стратегиялық жоспарлау мен іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуде Халықаралық астаналар және ірі қалалар Ассамблеясының рөлі талқыланған болатын. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне, қаланы басқаруды ақпараттандыру мен алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды енгізуге арналған "дөңгелек үстелдер" ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны