12.05.2016, 16:15 4567

Астана медицина университетініӊ 818 түлегі бос орындар жәрмеӊкесіне қатысады

Бүгінгі таӊда университетке түскен өтінімдер бойынша жетекшілік ететін аймақтарда 1185 дәрігер жетіспейді, оныӊ ішінде Астанада - 190 маман, Ақмола облысында - 359, Солтүстік Қазақстан облысында - 168, Қостанай облысында - 468.

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 13 мамырда "Астана медицина университеті" АҚ-да аймақтардағы ЖОО-на жетекшілік ететін денсаулық сақтау басқармалары өкілдерініӊ, аудандық, қалалық және облыстық медициналық ұйымдар басшыларыныӊ, сонымен қатар, еліміздіӊ өзге де облыстарындағы жергілікті атқарушы орган өкілдерініӊ қатысуымен дәстүрлі бос орындар жәрмеӊкесі өтеді. Шараныӊ мақсаты - 2015-2016 оқу жылындағы бакалавриат, интернатура және резидентураныӊ 818 түлегін жеке-жеке жұмысқа орналастыру, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биылғы оқу жылында университет 211 бакалаврды дайындады, оныӊ ішінде "Мейіргерлік іс" - 14, "Медициналық-профилактикалық іс" - 27, "Қоғамдық денсаулық сақтау" - 170. Сонымен бірге, 505 интерн оқуын аяқтайды, оныӊ ішінде "Ішкі аурулар" - 207, "Жалпы дәрігерлік практика" - 158, "Хирургия" - 76, "Стоматология" - 64. ЖОО-нын 102 бейінді маман резиденттері тәмамдауда (анестезиологтар, реаниматологтар, балалар хирургы, онкологтар, травматологтар, офтальмологтар және т.б.).

Бүгінгі таӊда университетке түскен өтінімдер бойынша жетекшілік ететін аймақтарда 1185 дәрігер жетіспейді, оныӊ ішінде Астанада - 190 маман, Ақмола облысында - 359, Солтүстік Қазақстан облысында - 168, Қостанай облысында - 468.

Астана медициналық университеті денсаулық сақтау ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мамандарды даярлаудағы басты талап - олардыӊ қажеттілігі болып саналады.

Айта кету керек, жыл сайын университет 600-ден астам маман даярлайды, олардыӊ 90%-дан астамы барлық мамандық бойынша жұмысқа орналасады.

Естеріӊізге сала кетейік, барлық медициналық ЖОО-да жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ өкілдерімен, медициналық ұйымдардыӊ бас дәрігерлері мен медициналық ЖОО түлектерініӊ қатысуымен бос орындар жәрмеӊкесі өтіп тұрады. Шара нәтижесінде түлектер еліміздіӊ аймақтарындағы медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады, түлектер мен денсаулық сақтау ұйымдары арасында келісім-шарт жасалады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны