10.12.2013, 18:47 3075

Астана мектептерінің 500-ден астам оқушысы қалалық ғылыми жобалар байқауына қатысады

Астана мектептерінің 500 астам оқушысы жалпы білім беру пәндерінен ғылыми жобаларын қорғап, жарысады. 12 желтоқсанда Астанада жалпы білім беру пәндерінен ғылыми жобалар байқауы өтеді.Байқау №54 мектеп лицейде ұйымдастырылады. Оған 503 оқушы 373 ғылыми жобаны қорғайды.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Астана мектептерінің 500 астам оқушысы жалпы білім беру пәндерінен ғылыми жобаларын қорғап, жарысады. 12 желтоқсанда Астанада жалпы білім беру пәндерінен ғылыми жобалар байқауы өтеді. Бұл туралы "Астана дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қалалық білім мекемелерінен 1302 өтініш келіп түсті. Тестілеу мен сараптама қорытындысы бойынша қалалық байқауға 373 жоба жіберілді",- дейді орталықтағылар.

Байқау №54 мектеп лицейде ұйымдастырылады. Оған 503 оқушы 373 ғылыми жобаны қорғайды.

Ғылыми жобалар байқауына 4 бағыт бойынша 18 секция кіреді: "Ғылыми-техникалық ілгерілеу экономикалық өсімнің басты түйіні ретінде", "Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу", "Таза табиғи орта - "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзеге асырудың негізі, "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттар".

Қалалық жалпы білім беру пәндерінен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 желтоқсанда онлайн режимде өтетін республикалық байқауға қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны