03.07.2008, 17:44 2548

Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері арнаулы бағдарлама жасауда

Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері арнаулы бағдарлама жасауда

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері Елордасының іргесіндегі аумақтарды дамыту жөнінде арнаулы бағдарлама жасауда. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Альберт Рау журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаланың іргесіндегі аумақтар бірлескен бағдарлама бойынша кешенді дамуы қажеттігі жөнінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен келісімге келдік", -деді А.Рау.

Оның айтуынша, құжат қазір жасала бастаған. "Мұнда тұрғын үй құрылысы, демалыс нысандары мен өндіріс орындарын орналастыру жайы толық қарастырылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны