18.06.2013, 12:58 7214

"Астана Опера" театрының әлемдік премьерасы үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді

Елорданың "Астана Опера" жаңа опера және балет театрының әлемдік премьерасы Джузеппе Вердидің "Атилла" қойылымы 2013 жылдың қазанына жоспарланған, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - "Астана Опера" театрының әлемдік премьерасы үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елорданың "Астана Опера" жаңа опера және балет театрының әлемдік премьерасы Джузеппе Вердидің "Атилла" қойылымы 2013 жылдың қазанына жоспарланған, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

"Театрдың әлемдік премьерасы қазанда өтеді. Ол Қазақстан сахнасында алғаш қойылатын Верди операсымен ашылады", - деді М.Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, 21 маусым күні театрдың ашылуында Мұқан Төлебаевтың "Біржан мен Сара" классикалық ұлттық операсы Юрий Александровтың қойылымында өтеді. Астана күнін мерекелеу аясында 3 шілдеде жаңа театр сахнасында көрермендер П.Чайковскийдің "Спящая красавица" балет қойылымын тамашалай алады.

"Театрдың шығармашылық ұжымын таңдауға ерекше тоқталып кеткім келеді. Алдын ала іріктеу үшін отандық және шетелдік мамандардан (Ресей, Италия, Австрия, Германия) арнайы конкурстық комиссия құрылған", - деп толықтырды министр.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 сәуірінен 31 мамырына дейін конкурстың алдын ала кезеңі өтті. Негізгі кезең қыркүйекте өтеді.

"Жыл сайын жаңа екі опера және балет қойылымдары өтіп тұрады. Премьералық спектакльдердің көрсетілімін "Мәдениет" арнасы арқылы Қазақстанның шалғай түкпірлеріне көрсетеміз, бұл бүкіл елге спектакльдер мен концерттерді тарату арқылы аудиториямызды ондаған және жүздеген мың көрерменге дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп қортындылады МАМ басшысы.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2010 жылы "Астана Опера" театрының құрылысы басталған. Ғимарат ауданы 64 мың шаршы метрді құрайды. Одан бөлек театрладық сленгте "қалталар" деп аталатын екі бүйірлік сахна бар, олар қойылым циклінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, дайын декорациялармен келесі актілерде жылжытылады, бұл сценографиялық қиын спектакльдер қоюға мүмкіндік береді. Сахна астында 12 метр тереңдікте төменгі деңгей - автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Оркестрлік шұңқыр әр түрлі деңгейлерде орналасқан және 120 музыкантқа арналған үш платформадан құралған.

Көрермендер залы 1250 орынға есептелген. Ол таға тәрізді формаға ие және ұлттық нақышта өрнектелген. Партерге 450 көрерменге дейін сыяды және әр көрерменге жақсы көруге мүмкіндік беретін ылди бар.

Ғимаратта сонымен бірге 8 қосымша зал, 11 репетиция ғимараты, 250 орынға арналған камералық музыка залы, баспасөз залдары және басқа да функционалдық бөлмелер бар. "Астана Опера" театрының әлемдік премьерасы қазан айында болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны