11.07.2018, 14:28 4117

"Астана Операда" бір бөлімді балеттердіӊ әлемдік премьерасы өтеді

"Заманауи хореография кеші" екі бөлімнен тұрады. Раймондо Ребектіӊ "How long is Now?" ("Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?") бір бөлімді балетінде көрерменді уақыт пен оныӊ жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау күтуде.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - "Астана Операныӊ" бесінші мерейтойлық театр маусымыныӊ соӊғы тұсаукесері 21-22 шілде күндері өтеді. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарыныӊ назарына "Заманауи хореография кеші" ұсынылады. Илемге әйгілі қоюшы балетмейстерлер - Раймондо Ребек (Roul Raimondo Rebeck, Германия) пен Ксения Зверева (Ресей/Швеция) би тілі арқылы уақыт ағымы мен ғашық жандар жайлы таӊғажайып оқиғаны өрнектейді.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен Астананыӊ 20 жылдығы аясында өтуде.

"Астана Опера" балет труппасыныӊ көркемдік жетекшісі, Ресейдіӊ Халық әртісі Алтынай Асылмұратова елордалық театрдыӊ репертуарын әлемдік хореография жауһарларымен толтыруын жалғастыруда. А.Асылмұратованыӊ бастамасымен көрермен қауымға балет әлемініӊ бірегей жаӊашылдықтары ұсынылмақ. Айтулы балетмейстерлердіӊ ерекше әрі теӊдесі жоқ хореографиясы асқақ өнерді сүйетін жандардыӊ көӊілінен шығары сөзсіз.

"Заманауи хореография кеші" екі бөлімнен тұрады. Раймондо Ребектіӊ "How long is Now?" ("Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?") бір бөлімді балетінде көрерменді уақыт пен оныӊ жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау күтуде.

Хореографтыӊ сөзінше, өмірдіӊ сан алуан кездерінде Қазіргі сәт әртүрлі уақытқа созылуы мүмкін. Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәӊгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін...

Р.Ребектіӊ балетінде бишілердіӊ үш жұбы адам өмірініӊ әр кезеӊін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.

Хореография кешініӊ екінші бөлімінде - Ақтоты Райымқұлованыӊ музыкасы мен Адам Капановтыӊ "Аспан көші" либреттосыныӊ желісімен қойылған Ксения Звереваныӊ "Sounds of Time" ("Заман тынысы") бір бөлімді балеті.

Балеттіӊ негізінде қос ғашықтыӊ тарихы жатыр, олардыӊ әкелері - кәдімгі қарапайым адам болса, аналары - аспан көшін кезген арулар. Көне сиқыр күшіне ие екенінен бейхабар бас кейіпкерлер Аӊсар мен Нұрия таӊғажайып оқиғаларды бастап кешіріп, алдарынан жақсылық пен жамандықты, махаббат пен өшпенділікті, қайсарлық пен өзімшілдікті кездестіреді. Дегенмен, сиқыр құдіреті мен уақыт тынысына толы осынау ғаламат оқиға қазіргі кезге ауысады. Қаһармандардыӊ тылсым күштері мен сиқырлы бойтұмарлары басқа пішінге еніп, кейіпкерлердіӊ мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері бүгінгі таӊдағы көрерменге әбден түсінікті болады. Спектакль қазіргі заманғы өмірді, оныӊ өзекті мәселелері мен адамдардыӊ өзара қарым-қатынасын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар мен олардыӊ құндылықтарын бейнелейді. Осы арқылы қиял мен шынайылық шиеленіскен балеттіӊ қанық сюжеті, қандай жағдай болса да, уақытқа бағынбайтын еӊ басты әрі маӊызды идеяларға жетелейді.

Басталуы сағат 18.00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны