13.07.2018, 18:06 5051

Астана жастары елорданыӊ 20 жылдығына арналған фестиваль өткізді

ҚР Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігініӊ Жастар саясаты департаменті республикалық жастар ұйымдарымен бірлесіп, елордадағы Арбатта Астананыӊ 20 жылдығына арналған "Жан жүрегім - Астана!" атты жастар шығармашылық фестивалін өткізді.

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігініӊ Жастар саясаты департаменті республикалық жастар ұйымдарымен бірлесіп, елордадағы Арбатта Астананыӊ 20 жылдығына арналған "Жан жүрегім - Астана!" атты жастар шығармашылық фестивалін өткізді.

Фестиваль аясында жастардыӊ ұйымдастыруымен өткен автомобильдік флешмобтыӊ бейнеролигі көрсетіліп, белгілі шахматшы Дармен Садуақасовтыӊ өнері көпшіліктіӊ назарына ұсынылды. Елордалық Арбатта жастар арасында ұлттық күйлерімізді виртуозды түрде ойнау, би өнері мен гитарада танымал әндерді орындау бойынша түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Астананыӊ 20 жылдығына арналған қолөнершілер бұйымдарыныӊ көрмесі өтті. Іс-шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев және Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

Аталған бастамаға отандық эстрада жұлдыздары қолдау көрсетіп, фестивальдыӊ концерттік бағдарламасына қатысты. Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында Қыдырәлі Болманов, Қарақат Ибілдина, Ринат Мальцагов, Қанат Үмбетов, ағайынды Жүгінісовтер өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, жастар ұйымдарыныӊ өкілдері мен іс-шараға келген қала тұрғындары караоке арқылы Астана туралы көпшіліктіӊ сүйіп тыӊдайтын әндерін орындады.

"Бүгінгі шара байқау немесе жарыс түрінде емес, фестиваль ретінде өтіп жатыр. Кез-келген қала тұрғыны біздіӊ шарамызға қатысып, Астана туралы әндерін айта алады. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына ұнап жатса дәстүрлі түрде өткізуге тырысамыз. Бүгінгі шараға 10-нан астам республикалық жастар ұйымдары қатысуда. Олардыӊ ішінде Қазақстанныӊ жастар Конгресі, Жасыл ел және Жас Ұлан ұйымдары бар" - деп атап өтті ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ жастар саясаты департаментініӊ директоры Асхат Оралов.

Фестиваль соӊында елордалық "Арбат" аумағында Open Air концерті өтіп, жиналғандардыӊ назарына әуе шарлары ұшырылып, қатысушыларға тегін балмұздақ таратылды.

Аталған іс-шараныӊ мақсаты - жастардыӊ азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады. 20 жыл ішінде елорда жастардыӊ қаласына айналғаны баршамызға мәлім. Бүгінде Астанада талантты жастардыӊ қолдауымен қаржылық тұрғыда шығындалмай, ауқымды мерекелік іс-шараларды өткізу үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі "Жан жүрегім - Астана!" жастар шығармашылық фестивалініӊ қаржылық шығынсыз өткізілуі осыған дәлел.

Фестиваль республикалық жастар ұйымдарыныӊ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ, "Жасыл Ел" және "Жас Ұлан" ұйымдары, "Қазақстанныӊ КВН Одағы" РЖҚБ, "Ұлттық Дельфий Комитеті" ҚҚ, "Қазақстан студенттерініӊ Альянсы", ҚР Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарыныӊ қауымдастығы қолдау көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны