15.02.2008, 16:18 2679

Астанада 2013 жылға дейін қуат көздерінің қуаттылығын екі есе арттыру жоспарланған - Мамин

Астанада 2013 жылға дейін қуат көздерінің қуаттылығын екі есе арттыру жоспарланған - Мамин

Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2013 жылға дейін қуат көздерінің қуаттылығын екі есе арттыру жоспарданған. Бұл туралы Астана әкімі Асқар Мамин халыққа есеп беру кездесуінде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2013 жылға дейін қуат көздерінің қуаттылығын екі есе арттырып, жылу энергиясын өндіру мөлшерін 2600 Гкал-сағ , ал электр қуатын өндіруді 720 МВт дейін жеткізу жоспарланған, ол үшін 330 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту қажет", - деді А. Мамин.

Қала әкімінің айтуынша, электр желілік нысандарды жаңалау және ұлғайту жобасына сәйкес, 2007 жылы "Степная", "Заречная", "Жұлдыз" электр подстанциялары салынып, "Жаңажол" подстанциясы салыну үстінде, "ПНФ" подстанциясы реконструкциялануда.

"Есілдің сол жағалауында жылу магистральдарын салу жалғасын тауып, 2007 жылы жеті шақырым магистральдық жылу желілері тартылды. "2-ші ЖЭО кеңейту және реконструкциялау" жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында №4 құбыр агрегаты енгізіліп, №6 қазандық агрегаты пайдалануға берілді, олардың іске қосылуы станция жұмысының сенімділігін арттырып, белгіленген жылу қуаттылығын 210 Гкал-сағатқа , электр қуаттылығын 120 МВт-қа арттыруға мүмкіндік жасады", - деді А. Мамин.

Оның айтуынша, осы жобаның аясында 2-ші ЖЭО одан әрі жаңаланып, қуаты 592 Гкал/сағ су жылытатын қазандық, үш қазандық агрегаты мен екі құбырагрегаты салынады.

"Ал "Астана қаласын сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету" жобасының аясында 2007 жылы 9,4 млрд теңге игеріліп, 22 шақырымнан астам су құбыры желілері тартылып, 16,9 мың дербес су есептегіш құралдар орнатылды", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны