03.04.2017, 19:11 4330

Астанада әйгілі теолог-ғалым Халифа Алтайдыӊ 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-методологиялық семинар өтеді

2017 жылғы 4 сәуірде сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінде әйгілі теолог-ғалым Халифа Ғақыпұлы Алтайдыӊ 100-жылдығына арналған "Ғылым және дін" тақырыбында Республикалық ғылыми-методологиялық семинар өтеді.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 4 сәуірде сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінде әйгілі теолог-ғалым Халифа Ғақыпұлы Алтайдыӊ 100-жылдығына арналған "Ғылым және дін" тақырыбында Республикалық ғылыми-методологиялық семинар өтеді.

Іс шара барысында келесі ғылыми бағыттар қарастырылады:

- Халифа Алтайдыӊ өмір жолы;

- Халифа Алтайдыӊ ғылыми мұрасы;

-Тәуелсіз Қазақстан және Халифа Алтай;

- Түркі дүниетанымындағы Халифа Алтайдыӊ орны;

- Халифа Алтай жайлы естеліктер.

Республикалық ғылыми-методологиялық семинарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақстандық ғалымдар, дін мамандары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Ертаев Бақытжан, Қазақстан Республикасы еӊбек сіӊірген қызметкері Озғанбай Өмірзақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ жалпы және жастар ісі бөлімініӊ меӊгерушісі Ұтысхан Алтынбек, Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Дін істері комитетінен Есмахан Бауыржан Абдрашұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ профессорлық-оқытушылар құрамы, PhD докторанттары мен магистранттары қатысады.

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Отырар" ғылыми кітапханасыныӊ "Қызыл залы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны