12.05.2016, 21:03 5431

Астанада ақылы тұрақ орындары белгіленді

Үстіміздегі жылдыӊ ІІ тоқсанында "Астананыӊ тұрақ кеӊістігін басқару" жобасын енгізу жоспарланған. Қазіргі кезде орталық көшелер мен даӊғылдарда 9 мыӊға жуық тұрақ орнын қамтитын 259 тұрақ орны белгіленді

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ ІІ тоқсанында "Астананыӊ тұрақ кеӊістігін басқару" жобасын енгізу жоспарланған. Қазіргі кезде орталық көшелер мен даӊғылдарда 9 мыӊға жуық тұрақ орнын қамтитын 259 тұрақ орны белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көліктік талдау қорытындысы бойынша бүгінгі таӊда елордада қарбалас уақытта тұрақ орындарына түсетін жүктеме 165% құрайды. Ал осы кездегі паркингтер жүктемесі - 64%, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Тұран, Қабанбай батыр, Сарыарқа, Республика, Жеӊіс, Бөгенбай батыр даӊғылдары мен Достық, Иуезов, Желтоқсан, Кенесары, Сығанақ, Сейфуллин, Бөкейхан, Түркістан, Бейбітшілік, Сарайшық және т.б. көшелердегі тұрақтар ақылы болады.

"Астананыӊ тұрақ кеӊістігін басқару" жобасы екі аймақтан тұратын болады. Бірінші аймаққа Республика даӊғылы - Бөгенбай батыр даӊғылы - Сарыарқа даӊғылы- Есіл өзенініӊ жағалауы шегінде орналасқан тұрақтар жатады. Екінші аймақ Орынбор - Сарайшық - Тұран - Сығанақ көшелерінде орналасқан тұрақтарды қамтиды.

Тұрақ орындары жетпеген жағдайда күрделі көп деӊгейлі паркингтер салу, сондай-ақ, автоматтандырылған тұрақтар жасау көзделген. Астананыӊ бірыӊғай тұрақ кеӊістігін құру көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтып, жаяу жүргіншілердіӊ, қоғамдық көліктер мен автомобильдердіӊ қозғалысын жеӊілдетеді.

Көлік құралдары көп жүретін жерлерде ақылы тұрақтар жасау әлемдік тәжірибеде қолданылатын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын азайту және кептелістерді болдырмау бойынша тиімді шаралардыӊ бірі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны