24.11.2012, 10:38 3293

Астанада алғаш рет балаларға бүйрек трансплантациясы жасалды

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басшысы Елжан Біртанов мәлім етті.

Астана. 24-қараша. Kazakhstan Today - Астанадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында елімізде тұңғыш рет балаларға бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басшысы Елжан Біртанов мәлім етті.

"2010 жылы Ұлттық медициналық холдинг базасында ҚР Үкіметінің және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жаңа жоба бастау алды. Оның аясында холдинг клиникаларының 21 қызметкері Беларусь, Оңтүстік Корея, Германия елдерінде дайындықтан өткен. Холдинг базасында жоба негізінде ересектерге 21 бүйрек трансплантациясын жасадық. Сонымен қатар өткен аптада Беларусь елінен келген әріптестермен бірге шеберлік сабақтарын өткізіп, Қазақстанда алғаш рет дертке душар болған 4, 10 және 17 жастағы 3 балаға бүйрек ауыстыру отасын жасадық", - деді Е.Біртанов.

Оның айтуынша, жоба аясында холдинг орталықтарында жүрек ауыстыру отасы және 12 аутогенді жілік майының трансплантациясы алғаш рет өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны