04.12.2015, 17:30 4423

Астанада аукцион арқылы 35 жер учаскесі сатылды

Бүгінгі таӊда Астанада бес аукцион өткізіліп, 64 жер учаскесі сатылымға шығарылды, соныӊ ішінде жалпы құны 441,2 млн. теӊгені құрайтын 35 жер учаскесі өткізілді

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда Астанада бес аукцион өткізіліп, 64 жер учаскесі сатылымға шығарылды, соныӊ ішінде жалпы құны 441,2 млн. теӊгені құрайтын 35 жер учаскесі өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қалған 29 учаске алдағы уақытта қайта сатылатын болады. Келесі аукцион 9 желтоқсанда өтпек, онда 15 жер учаскесі сатылымға шығарылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Астана қ. Жер қатынастары және жердіӊ пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасыныӊ хабарлауынша, қалада 5,9 мыӊ га жуық жер жалға берілген, соныӊ ішінде жалпы ауданы 4,2 мыӊ га құрайтын 12 жер учаскесі ауыл шаруашылықпен айналысу, жалпы ауданы 1 мыӊ га 671 жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. үшін пайдаланылады, жалпы ауданы 0,7 мыӊ га 3049 жер учаскесі елді мекендер болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны