29.09.2016, 15:10 3491

Астанада бес қабатты үш үй бой көтеріп, 120 жас ғалым қоныс тойын тойлады

Елорда әкімдігініӊ қолдауымен университеттіӊ жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін Есіл өзенініӊ сол жағалауында 120 пәтерлік бес қабатты үш үй бой көтерді.

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мұғалімдер күні қарсаӊында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетініӊ жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына жаӊа баспананыӊ кілтін табыстау салтанаты өтті.

Елорда әкімдігініӊ қолдауымен университеттіӊ жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін Есіл өзенініӊ сол жағалауында 120 пәтерлік бес қабатты үш үй бой көтерді. Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өткен жас оқытушыларға және "Болашақ" халықаралық бағдарламасыныӊ стипендиаттарына пәтер кілті табысталды.

Шараға Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин, "С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ" АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев қатысты.

Елорда әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтуға баса назар аударатынын атап өтті. Бүгінгі таӊда Астанада тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 29 шаршы м жуықтады, жыл сайын 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсырылады.

"Баспаналы болғандарды құттықтаймын, Қазақ агротехникалық университетінде осындай дәстүр қалыптасқан, бұл еліміздегі үздік жоғары оқу орындарыныӊ бірі. Мердігерлеріміз рекордты қысқа уақыттыӊ ішінде - 10 айда әдемі үйлер салып бітірді. 120 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл қаланыӊ орталық бөліктерініӊ бірі. Мұнда баланыӊ сыӊғырлаған күлкісі естіліп, ақсақалдарымыз демалады, ал еӊ бастысы, бұл ғылыммен, шығармашылықпен, жастарымызды тәрбиелеумен айналысуды жалғастыруға ынталандырады. Баршаӊызға бақыт пен көтеріӊкі көӊіл күй тілеймін", - деді А. Лукин.

"30 жылда біздіӊ университетке алғашқы рет қызметтік баспана салынды. Университетіміз ҚР Президентініӊ тапсырмасымен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға кірісті, осы орайда оқытушыларға қолдау көрсету қажет.Осыған дейін баспана мәселесі өршіп тұрған еді. 2 жыл бұрын мен Елбасыныӊ жеке қабылдауында болдым. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке қаражат бөліп, 120 пәтерлік қызметтік тұрғын салуға тапсырма берді", - деді А.Күрішбаев.

Оныӊ айтуынша, пәтер беруге іріктеуде жас оқытушыларға басымдық берілді.

Баспана алғандардыӊ бірі Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетініӊ екінші курс докторанты Қанат Тұрсынов билік пен университет басшыларына алғыс айтып, өз қуанышымен бөлісті.

"Мен Ақмола облысынанмын, бұған дейін жұбайыммен университеттіӊ жатақханасында тұрып келдік, енді баспаналы болдық, өте қуаныштымын. Осы университетте бакалавриатты, магистратураны бітірдім, енді докторантурада оқып жүрмін", - деді ол.

Ақылбек Күрішбаевтыӊ айтуынша, аумақта қалған бос орынға профессорларға арналған баспана салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны