25.06.2008, 12:07 1690

Астанада екінші Еуразиялық әйелдер саммиті ашылды

Форум екі күнге созылады. Форум аясында қатысушылар гендерлік саясат, еңбек нарығы мен бизнестегі бәсекелестік қабілет пен көшбасшылық, әлеуметтік жауапкершілікті бизнес, бизнестің тұрақты дамуына инвестиция салу, "Кәсіпкерлік және жастар: идея алмасу мен денсаулық экономикалық фактор ретінде" тақырыбын талқылайды. Саммит қорытындысы бойынша "Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғам тарапынан мойындаудың ұлттық "Ажар" сыйлығы иегерлері марапатталады.

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада екінші Еуразиялық әйелдер саммиті ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республика өмірінің барлық салаларын дамытуға Қазақстан әйелдері қосқан үлесті асыра бағалау мүмкін емес. Біздің құрбыларымыздың еңбегін мақтан тұтуға және құрмет тұтуға әбден лайық", - делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саммит қатысушыларына арнаған жолдауында, оны президенттің кеңесшісі, ҚР президентінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Ибдіхалықова.

Форум екі күнге созылады. Форум аясында қатысушылар гендерлік саясат, еңбек нарығы мен бизнестегі бәсекелеістік қабілет пен көшбасшылық, әлеуметтік жауапкершілікті бизнес, бизнестің тұрақты дамуына инвестиция салу, "Кәсіпкерлік және жастар: идея алмасу мен денсаулық экономикалық фактор ретінде" тақырыбын талқылайды.

Саммитке қатысушылар қызметкерлерді тиімді басқару және "Ақшаны қалай сақтап өсіру керек" тақырыбында мастер-кластарға барады.

Саммит қорытындысы бойынша "Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғам тарапынан мойындаудың ұлттық "Ажар" сыйлығы иегерлері марапатталады.

Саммитке Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан мен басқа да елдердің қоғамдық-саяси және бизнес ортасының 400-ден астам жетекші әйелдері қатысады.

Сондай-ақ, саммитке БҰҰ Бас хатшысының гендерлік саясат және әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі орынбасары Рейчел Майанджа қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны