04.04.2016, 12:41 4362

Астанада Ермегияевтіӊ ісіне қатысты сот отырысы басталды

Астананыӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтіӊ ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Ұлттық компанияныӊ экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Астананыӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтіӊ ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Ұлттық компанияныӊ экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы төрағасы Талғат Ермегиявке қатысты қылмыстық іс 2016 жылдыӊ 10 наурызында Астананыӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін атышулы іске қатысты алғашқы отырыс өтеді, судья болып Иділхан Шайхисламов тағайындалды.

Естеріӊізге салып өтсек, былтыр 11 маусымда Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымынан босатылды. Кейін Астана аудандық соты сеніп тапсырылған мүлікті заӊсыз иемденіп, ысырап етті деген күдікке іліккен Ермегиявті үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ экс-басшыныӊ жиған-терген мүлкі де тәркіленді.

Бұған қоса, жуырда қамауға алынған Талғат Ермегиявтіӊ бірнеше ай бойы оққағары Саят Нәдірбаевты полицейлерден жасырып келгені мәлім болды. Болжам бойынша, мемлекеттен ұрланған ақшаны жоғары шенді шенеунікке нақ осы оққағары жеткізіп отырған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны