02.09.2016, 15:11 4235

Астанада "Қазақ тілініӊ ғаламтордағы жаӊа кеӊістігі" жобасыныӊ таныстырылымы өтеді

Тұсаукесерде тәуелсіздік мұраттарына сай атқарылып отырған ауқымды істіӊ қолданылу тетігі туралы жан-жақты түсіндіріліп, жұртшылықтыӊ тіл мәдениетін көтеру, қазақ ономастикасын біріздендіру, терминжасамдағы өзекті мәселелер төӊірегінде ой өрбиді.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада, ҚР Ұлттық акадекмиялық кітапханасында Қазақстан халқы тілдерініӊ ХVІІІ республикалық фестивалі аясында үстіміздегі жылғы 5 қыркүйекте Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініӊ тапсырмасы бойынша әзірленген "Tilalemi.kz" порталыныӊ, "Atau.kz", "Emle.kz", "Termincom.kz" сайттарыныӊ тұсаукесер рәсімі өткізіледі, деп хабарлады ведомствоныӊ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік тілдіӊ қолданыс аясыныӊ кеӊеюіне, мәртебесініӊ көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердіӊ бірігіп, игілікті жұмсалуына, әрбір оқырманныӊ, қолданушыныӊ жеке парақшасы арқылы оӊтайлы жұмыс жасауына жол ашуды мақсат еткен портал мен сайттар ғаламтордағы қазақ кеӊістігініӊ құнды мұрасы болады деп күтілуде.

Тұсаукесерде тәуелсіздік мұраттарына сай атқарылып отырған ауқымды істіӊ қолданылу тетігі туралы жан-жақты түсіндіріліп, жұртшылықтыӊ тіл мәдениетін көтеру, қазақ ономастикасын біріздендіру, терминжасамдағы өзекті мәселелер төӊірегінде ой өрбиді.

Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, тілші ғалымдар, сала мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарынныӊ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны