28.12.2013, 20:31 12600

Астанада қазақ зергерлік және сәндік қолданбалы өнер көрмесі өтті

"Экспозицияда келушілер назарына мұражай экспонаттарының жиынтығы, атап айтқанда, тұрмыстық заттар, ұлттық әшекейлер, антиквариат (күміс ыдыс жиынтықтары) бұйымдар ұсынылады. Мұражай экспозициясында ұсынылған бұйымдар қазақ халқының мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетеді және қазақ ұлттық мәдениетінің бірегей бөлігі болып табылады. Көрме 2014 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады", - делінген хабарламада.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайында "Тарихи жәдігерлер" көрмесі болып өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Экспозицияда келушілер назарына мұражай экспонаттарының жиынтығы, атап айтқанда, тұрмыстық заттар, ұлттық әшекейлер, антиквариат (күміс ыдыс жиынтықтары) бұйымдар ұсынылады. Мұражай экспозициясында ұсынылған бұйымдар қазақ халқының мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетеді және қазақ ұлттық мәдениетінің бірегей бөлігі болып табылады. Көрме 2014 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы 1990 жылы ҚР Үкіметінің "Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбір объектілерін сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Мұражай қызмет ету саласы бойынша ғылыми-зерттеу, мәдени-бұқаралық мекеме, көшпенділер дәуірінен қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның зергерлік өнер бұйымдары мен кешендерін сақтайтын негізгі орын болып табылады. Мұнымен қоса, скиф-сақ аргеологиясы, металды көркемдік өңдеу және қазақстандық сәндік-қолданбалы өнер сынды бөлімдерден тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны