14.09.2016, 15:25 3224

Астанада Қазақстан кинематографиясын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасыныӊ жобасы талқыланды

Бүгін Астанада "Қазақстандағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы жобасын талқылау" тақырыбындағы дөӊгелек үстел отырысы өтті.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Қазақстандағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы жобасын талқылау" тақырыбындағы дөӊгелек үстел отырысы өтті. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтыныӊ бас директоры Андрей Хазбулатов онда отандық киноныӊ дамуына кедергі келтіретін басты себептерді атады.

"Ұлттық киноөндірісініӊ өсіміне кедергі келтіретін факторларға кинопрокат пен киножобалар қайтарымыныӊ төмендігін, киноөндірісіне жеке және шетелдік инвестиция көлемініӊ төмендігін, несиелеу және қайтарымды қаржыландыру жүйесініӊ болмауын жатқызуға болады", - деді ол.

Сонымен қатар, институт басшысы ұлттық киноиндустрияныӊ даму статистикасы кинотеатрлар мен кинозалдар саныныӊ артуына да тікелей байланысты екендігін айтып өтті.

"Экрандар саныныӊ жеткіліксіз болуы қазақстандық фильмдер өндірісініӊ даму мүмкіншілігін айтарлықтай шектейді. Кинематографияны одан ары дамыту үшін келесі проблемалар мен шектеулерді шешу қажет. Қазақстандық фильмдер өндірісі төмен көлемімен сипатталады. Жыл сайын шығарылатын қазақстандық фильмдер республика кинотеатрларында шетелдік киноөндімдерге лайықты бәсекелес бола алмауда. Халықты кино көрсету қызметімен қамтамасыз етудіӊ барынша төменгі деӊгейі жағдайында өте төмен қарқынмен дамып келеді. Жыл сайынғы өсім кинозалдардыӊ 10 пайызға жетпейтін көлемін құрайды", - деді ол.

А.Хазбулатовтыӊ пікірінше, қазақстандық фильмдердіӊ шетелде көрсетілуіне шектеудіӊ болуы да отандық киноиндустрияныӊ дамуына кедергі болуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны