25.06.2018, 22:37 4578

Астанада қазақстандық және америкалық дәрігерлер бірлесіп 70-ке жуық балаға пластикалық операция жасады

Жобаныӊ негізгі мақсаты - мамандардыӊ өзара тәжірибе алмасуы, отандық хирургтардыӊ біліктілігін арттыру және қазақстандық балалар арасында мүгедектікті азайту бағытында әрі қарай өзара ынтымақтастық орнату.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17-22 маусым аралығында "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында Surgicorps International (АҚШ) тәжірибелі хиругтары отандық мамандарымен бірлесіп,күйік шалған, туа бітті және жүре пайда болған беттегі және денедегі деформацияларға пластикалық оталар жасалды. Сондай-ақ, "Балалар - біздіӊ болашығымыз" әлеуметтік жобасы аясында микротия және есту арнасыныӊ атрезия диагнозы қойылған балалар консультацияға қатысты.

2018 жылғы 17 маусымда америкалық пластикалық хирургтар 140-қа жуық пациентті қарап, 64 балаға ота жасауға шешім қабылдады.Соныӊ ішінде микротия мен есту арнасыныӊ атрезиясы бар 7 балаға ота жасалды. Бұл балаларға америкалық хирург заманауи "Medpore" имплантын қолданып, құлақ қалқанына реконструктивті операциялар жүргізді. Қазақстанда мұндай оталар алғаш рет жасалды және америкалық мамандардыӊ шеберлік-сабағына Алматыдан арнайы келген дәрігерлер де қатысты.

Аталған жобаны "Асыл бала" қоғамдық қоры АҚШ-тыӊ "Халықаралық ықпалдастық тобындағы" әріптестерімен бірлесіп "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында іске асыруда.

Пластикалық операциялар жасау үшін "Асыл Бала" қоғамдық қоры 1 795 340 теӊге сомасына дәрі-дәрмектерді сатып алды, сондай-ақ 160 650 теӊге мөлшерінде микротия және есту арнасыныӊ атрезиясы бойынша операцияларды жүргізуге қажетті дренаждар сатып алды.

Жобаныӊ негізгі мақсаты - мамандардыӊ өзара тәжірибе алмасуы, отандық хирургтардыӊ біліктілігін арттыру және қазақстандық балалар арасында мүгедектікті азайту бағытында әрі қарай өзара ынтымақтастық орнату.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы 4 қазанда жобаныӊ алғашқы кезеӊі басталып, 2017 жылдыӊ 13 -15 наурыз аралығында "UMC" корпоративтік қорыныӊ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Surgicorps International (АҚШ) пластикалық хирургтары осы орталық базасында еліміздіӊ барлық өӊірлерінен келген 300-ден астам баланы, оныӊ ішінде балалар үйлерініӊ 14 тәрбиеленушісін қабылдап, тексеруден өткізген болатын. Үшінші кезеӊде, 2017 жылдыӊ мамыр айында 80 балаға ота жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны