05.05.2014, 20:36 5705

Астанада Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы фильмнің тұсауы кесілді

Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өткен соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету барысында Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы "Иуеге көтерілу!" атты кинотуындының тұсауы кесілді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өткен соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету барысында Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы "Иуеге көтерілу!" атты кинотуындының тұсауы кесілді.

Тарихи деректі фильм бір жыл бойы дайындалды. Онда Ұлы Отан Соғысына шақырылған 19 жасар жасөспірімнің өмірбаяны суреттелген. 1942 -1945 жылдар аралығында сұм соғыстың теперінішін көрген баланың қатал тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Фашистер "қара өлім" деп лақап ат берген қазақтын қара домалақ баласы өзінің Ил-2 ұшағымен Кеңес ұшқыштарының алғашқыларының бірі болып Берлинді бомбылаған және Украина мен Кавказды немістердің бұғауынан шығарған.

Фильмнің негізіне әйгілі ұшқыш-штурмовиктің 1966 жылдары "Илдіктер шабуылдауда" деген атпен шыққан ғұмырнамасы алынған. Ал, туындының авторы компьютерлік графика әдістерін пайдаланып, әуедегі ұшқыштардың жан алып жан беріскен сәтін шынайы өмірдегідей көрсете біліпті. Сонымен қатар, әуеде қоршауда қалған Талғат Бегелдиновтың ерең ерлігіде әсем суреттелген.

Жалпы, кино картинаның сценарийін ҚР мәдениет қайраткері Лаврентий Сон жазса, режиссер - қоюшы ретенде Ерген Тоқмырзин өз күшін салған.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан соғыс ардагерлері біздің Егемендігімізді өздерінің қанымен қорғап қалды деп айтып келеді. Егер, біз оларды әрқашан құметтеп ерліктерін еске алып жүретін босақ болашағымызда жарқын болмақ. Біздің қасиетті парызымыз бейбіт және бірлігі қалыптасқан, ынтымақтастығыда өзіне жарасып тұрған елімізде өмір сүру үшін бабаларымыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау ",- деп Б.Байбек атап өтті.

Айта кетерлік жайт, "Иуеге көтерілу!" картинасы Астана каналының эфирінен 9 күні 13.10 және Хабар арнасынан 17-15 көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны