17.09.2015, 16:37 4336

Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал сатылатын жерлер белгіленді

Қасиетті Құрбай айт мерекесі Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соӊ тойланады. Ай күнтізбесі бойынша жыл сайын он күнге өзгеріп тұрады. Бұл күні әлемдегі барша мұсылман қауымы құрбандыққа мал шалып, оныӊ етін үшке бөледі. Бір бөлігін тұрмысы төмен отбасыларға таратады, екінші бөлігі өзініӊ отбасында қалады және үшінші бөлігі қонақтарға арналған дастарханға жайылады

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қасиетті Құрбай айт мерекесі Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соӊ тойланады. Ай күнтізбесі бойынша жыл сайын он күнге өзгеріп тұрады. Бұл күні әлемдегі барша мұсылман қауымы құрбандыққа мал шалып, оныӊ етін үшке бөледі. Бір бөлігін тұрмысы төмен отбасыларға таратады, екінші бөлігі өзініӊ отбасында қалады және үшінші бөлігі қонақтарға арналған дастарханға жайылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сәйкес Астана қаласында малды арнайы сатылатын және құрбандық шалынатын жерлер белгіленді: Қарағанды-Астана тас жолыныӊ бойындағы "Метро" СО, "Нұрбереке 555" ЖШС, Алаш тас жолы, 30 ("Көк базар" нарығыныӊ артында); "Шаушен" шаруа қожалығы, "Астана - Софиевка" тас жолы, 9 км; "Мақсат 2010" ЖШС, Теміржолшы тұрғын алабы, Ақжар к-сі, 20, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Айта кетейік, биыл Құрбай айт мерекесі 24-26 қыркүйек күндері атап өтіледі. Қазақстан Републикасы Еӊбек Кодексініӊ 96-бабы 4-тармағына сәйкес Құрбан айт мейрамыныӊ бірінші күні демалыс күні болып саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны