26.05.2015, 16:37 3907

Астанада мектеп маӊында мұғалімді өртеп жіберген ер адам талай рет жауапкершілікке тартылған - ІІД

Астанада бүгін таӊертеӊ №25 орта мектептіӊ мұғалімін үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адам бұған дейін де талай рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "отбасыныӊ тынышын алып, жиі жанжал шығаратын адамдар" санаты бойынша есепте тұр

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Астанада бүгін таӊертеӊ №25 орта мектептіӊ мұғалімін үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адам бұған дейін де талай рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "отбасыныӊ тынышын алып, жиі жанжал шығаратын адамдар" санаты бойынша есепте тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"26 мамыр күні елорданыӊ ІІД жедел басқару орталығына таӊғы сағат ондар шамасында белгісіз ер адам Ы.Алтынсарин көшесініӊ бойында орналасқан орта мектептіӊ маӊында әйелдіӊ үстіне бензин төгіп, оны өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түсті. Бетін, мойнын, кеудесі мен арқасын күйік шалған әйел дереу ауруханаға жеткізілді. Аталған факті "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестріне тіркелді. 43 жастағы күдікті мұғалімніӊ бұрынғы жұбайы екен. Ер адам "жанұяныӊ берекесін кетіріп, жанжал шығаратындар" санаты бойынша ІІБ-де есепте тұр және талай рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таӊда тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау бойынша тиісті шараларды қолға алды", - деп мәлімдеді ІІД-дан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны