11.07.2007, 13:37 3337

Астанада мұз сарайы салынады

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Астанада мұз сарайы салынады. Бұл туралы бүгін "Біздің хоккей" атты кітаптың тұсаукесерінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі, Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Виктор Храпунов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Астанада 5,5 мың көрерменді сыйғыза алатын мұз сарайы салынады", - деді В. Храпунов. "Астанада салынатын сарай Ресейде суперлигада құрамаларға қойылатын талаптың барлық шарттарын орындауға мүмкіндік береді", - деп атап өткен министр Қазақстанның "Барыс" хоккей құрамасы қазір Ресей чемпионатының жоғарғы лигасында ойнап жүргенін және суперлигаға шығудан дәмелі екенін жеткізді.

Ал министр оқырмандарға таныстырған кітап Қазақстан хоккейінің дамуына арналған. "Кітапта Қазақстан хоккейі туралы, оның қалыптасуы мен дамуы, жеңістері, елімізде хоккей дами бастаған 50 жылдағы жетістіктер баяндалған", - деді В. Храпунов. Кітап Анатолий Шевченконың редакциясымен шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны