03.03.2015, 17:07 3885

Астанада тұрғынжайдан шыққан өрт бір баланыӊ өмірін қиды

3 наурыз күні сағат 09.29 минутта Астана қаласыныӊ ТЖД-іне өрттіӊ орын алғаны жайында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты ғимараттыӊ астыӊғы үйжайында 15 шаршы метр алаӊда бөлмеаралық қалқа жанып жатқанын көрді

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - 3 наурыз күні сағат 09.29 минутта Астана қаласыныӊ ТЖД-іне өрттіӊ орын алғаны жайында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты ғимараттыӊ астыӊғы үйжайында 15 шаршы метр алаӊда бөлмеаралық қалқа жанып жатқанын көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Астана қ. ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Куәгерлердіӊ айтуынша, астыӊғы қабатта ата-анасымен бірге сол жерде тұрып жатқан бала болған.

Өрт сөндірушілер бірден баланы іздеуге кірісті. Іздеу барысында жуынатын бөлмеде иіс тиіп көз жұмған 2009 жылы туылған баланыӊ денесі табылды.

Өртті ауыздықтауға 5 техника, жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды.

Оқиға орнында ТЖД мен ІІД тергеу бөлімініӊ қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Өрттіӊ шығу себептері анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны