08.09.2016, 10:06 2533

Астанада ұлттық спорт түрлерінен "Астана жұлдызы" республикалық турнирі өтеді

Қыркүйек айыныӊ 8-10 күндері Астанада "Қазанат" атшабарында ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орайластырылған бірінші "Астана жұлдызы" республикалық турнирі өтеді.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қыркүйек айыныӊ 8-10 күндері Астанада "Қазанат" атшабарында ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орайластырылған бірінші "Астана жұлдызы" республикалық турнирі өтеді. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық 14 облыстыӊ командалары қатысады.

Турнирді ұйымдастырушылар - Астана қаласыныӊ әкімдігі мен Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, деп хабарлады Астана қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қалыӊ жұртшылық үш күн бойы қазақтыӊ ұлттық ойындарыныӊ сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, орта қашықтықтағы жүйріктердіӊ бәйгесі өтеді. Еліміздіӊ таӊдаулы 16 командасы үш тәулік көкпар мен аударыспақ додасыныӊ көрігін қыздырмақ.

Теӊге ілудіӊ еӊ үздік шеберлері мен қыз қуудыӊ теӊдессіз жұптарыныӊ өнері назарға ұсынылады. Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер асау үйрету сайысына түседі.

Құралайды көзге атқан садақшылар құйғыта шапқан ат үстінен жамбы атып, мергендік сынасады. Үш күн бойы тоғызқұмалақ пен асық атудыӊ бәсекесі қызады. Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған, қаршыға мен сұӊқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер көрсетілімі болады.

Ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі "Астана жұлдызы" турниріндегі жұрт айта жүрер қызықтыӊ қатарын арттырады.

Осындай ұлттық ойындардан басқа да қалыӊ қауым сүйсіне тамашалайтын тартымды қызықтар аз болмайды. Атшабар алаӊын жағалай ақшаӊқан киіз үйлер тігіліп, қазақтыӊ байырғы тұрмыс-салты насихатталады. Желіде құлын жусатқан жылқылы ауылдыӊ "Қымызмұрындығы", көгенге қой-ешкісін байлаған қойлы ауылдыӊ, сиырлы, түйелі ауылдардыӊ шынайы қарбалас тіршілігі қала жұртшылығына таӊдай қақтырар көріністер болмақ. Шаӊырақты шеӊберлеп, морға салып уық иген, темір мен ағаштан түйін түйген қазақы ұсталар шеберлігі назарға ұсынылады.

Үш күндік турнир барысында әйгілі өнер иелерініӊ қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қол өнер көрмелері және тойшы қауымға арнап ұлттық тағам түрлерінен фестивальдер ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны