03.09.2015, 15:30 4342

Астанада үш көшеде қосымша "BUS LANE" жолақтары іске қосылады

2015 жылдыӊ 3 қыркүйегінен бастап Астанада қалалық қоғамдық көліктіӊ қатынауына арналған қосымша 3 "BUS LANE" деп белгіленген жолақтар іске қосылады

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 3 қыркүйегінен бастап Астанада қалалық қоғамдық көліктіӊ қатынауына арналған қосымша 3 "BUS LANE" деп белгіленген жолақтар іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасы, "Астана ЛРТ" ЖШС "СМЭУ-Алматы, Астана" ЖШС мердігер компаниясымен бірлесіп ҚР жолда жүру ережелерініӊ талаптарына сәйкес жол белгілерін, ақпараттық панно орнату бойынша жұмыстар атқара басталды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қосымша белгіленген жолақтар Кравцов көшесінде Пушкин көшесінен Тах Хусейн көшесіне дейін, Мұӊайтпасов көшесінде Тәуелсіздік көшесінен Абылайхан көшесіне дейін және Сығанақ көшесінде Бейсекова көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта пайда болады.

Бірінші учаскеніӊ ұзындығы 0,92 км құрайды. Бұл жермен 10 бағыт, 2159 автобус өтеді. Екінші учаскеніӊ ұзындығы 1,59 км. Ол бойынша 14 бағыт өтеді. Бұл шамамен 2525 автобус. Үшінші учаскеніӊ ұзындығы 6,65 км. Бұл жермен 7 бағыт, 1321 автобус өтеді.

Еске сала кетейік, "BusLane" жобасыныӊ мақсаты - жолаушылар үшін ыӊғайлы жағдай жасау, қоғамдық көлік қозғалысына басым назар аудару.

Атап өту керек, аталмыш жолақ арқылы жүру қоғамдық көліктерден өзге тек қана жедел қызмет көліктеріне жүруге болады. Аталмыш тәртіптіӊ сақталуын жол полициясы мұқият қадағалайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны