06.05.2015, 23:13 4624

Астанада "Жеӊіс ленталары" акциясы басталды

Астана қаласында 2015 жылдыӊ 8 мамырына дейін "Жеӊіс ленталарын" тарату акциясы өтеді

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласында 2015 жылдыӊ 8 мамырына дейін "Жеӊіс ленталарын" тарату акциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Акцияныӊ басты мақсаты - Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін жаумен шайқасқан қаһарман жауынгерлердіӊ ерлігін мәӊгіге ұрпақ санасында қалдыру болып табылады. Аталмыш ленталар Есіл өзені жағалауында, "Хан Шатыр" және "Керуен" ойын-сауық орталықтарында үлестіріледі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Еліміздегі еӊ елеулі даталардыӊ бірі - 9 мамыр - Жеӊіс күні жақындап келеді. Атаулы күнге орай "Жеӊіс ленталары" азаматтық акциясы қаланыӊ қоғамдық жерлерінде өтетін болады.

"Жеӊіс лентасы" жібек матадан тігілген, ұзындығы 30 см, ені 3 см құрайды. Көк түсті ленталар алтын түсті ұлттық оюлармен өрнектелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны