28.04.2015, 17:18 4338

Астанада "Жеӊіс жұлдыздары" үздік экскурсиялық маршрут сайысы өтті

"Жеӊіс жұлдыздары" үздік экскурсиялық жаяу жүргінші маршрутын анықтау бойынша қалалық байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған. Ұйымдастырушылар - Астана қаласыныӊ Білім басқармасы және Жас саяхатшылар бекеті

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Жеӊіс жұлдыздары" үздік экскурсиялық жаяу жүргінші маршрутын анықтау бойынша қалалық байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған. Ұйымдастырушылар - Астана қаласыныӊ Білім басқармасы және Жас саяхатшылар бекеті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш шараныӊ мақсаты - өскелеӊ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерге деген махаббатты сіӊіру, белсенді қызмет түрлерін дамыту, туған қаланыӊ тарихына деген танымдық қызығушылықты арттырып, мектеп оқушыларыныӊ шығармашылық қабілеттерін дамыту, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Жеӊіс жұлдыздары" экскурсиялық маршрутына 27 мектептен 720 оқушы қатысты.

Жарыс екі кезеӊнен тұрды. Бірінші кезеӊге тақырып таӊдау, өлкетану материалдарын зерттеу, маршрутты құру және экскурсия өткізушілерді дайындау кірді. Жарыстыӊ екінші кезеӊінде қатысушылар маршрутпен жүріп өтіп, үздік жобаларды тапсыру және іріктеу жүргізілді.

Қалалық жарыстыӊ қорытындысы бойынша, әділ қазылар алқасы әр жас санатында қойылатын талаптарға, қатысушылардыӊ санына, ұсынылған материалдардыӊ сапасына сәйкес жүлделі орындар анықталды.

"Жеӊіс жұлдыздары" жарысыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау 30 сәуірде сағат 10.00 №65 мектептіӊ акт залында өтеді. Жеӊімпаздар мақтау қағаздарымен, Білім басқармасыныӊ дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны