14.05.2008, 13:51 1313

Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізу кесірінен үш күннен бері көлік қозғалысына кедергі келтірілді

Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізу кесірінен үш күннен бері көлік қозғалысына кедергі келтірілді

Астана. 14 мая. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізу кесірінен үш күннен бері көлік қозғалысына кедергі келтірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астананың 10 жылдық мерейтойына орай қала орталығында жолдардың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Кенесары көшесінен Республика, Жеңіс даңғылдарына дейінгі учаскесі толық жабылып қалу салдарынан көліктер қозғалысы қиындатылды. Жол жөндеу қызметкерлері таңертеңнен бері жұмыс істеуде. Олармен бірге полиция қызметкерлерінің бір батальоны бар.

Жүргізушілердің пікірінше, жөндеу жұмыстарын түнгі уақытта, яғни көліктер аз кезде жасау керек.

"Мен астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ыңғайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймын. Біз Кенесары көшесінің бойымен Сарыарқадан Республика даңғылына дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кеше біз Сарыарқадан Жеңіс даңғылына дейін жол төседік", - деді мердігерлік ұйымның техникалық директоры Вадим Хегай.

2008 жылы белгіленген мақсат бойынша 200 шақырым жолды жаңарту керек, бұл Астанадағы барлық жолдар қорының жартысын құрайды. Астананың мерейтойына қарсы мердігерлер қаланың орталығындағы және аса нашар жолдарды жөндеп үлгереді. Ал Кенесары көшесінің бойындағы учаскені бүгін тапсыру көзделіп отыр. Өйткені "Жас Отан" жастар қанатының съезі өтетін Конгресс-холға апаратын жол Кенесары көшесі арқылы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны