26.10.2015, 19:21 3978

Астанадағы ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ қайырымдылық жүгіруіне Қазақстанныӊ өзге де қалалары қосылды

Астанада өткен ҚР Қарулы Күштерініӊ алғашқы қайырымдылық жүгіруі елордалықтардыӊ арасында қызығушылық туғызып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанныӊ басқа да қалаларында әскери қызметшілер мен қоғам тарапынан қолдау тапты.

Астана. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Астанада өткен ҚР Қарулы Күштерініӊ алғашқы қайырымдылық жүгіруі елордалықтардыӊ арасында қызығушылық туғызып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанныӊ басқа да қалаларында әскери қызметшілер мен қоғам тарапынан қолдау тапты. Сонымен, 25 қазанда ұқсас іс-шаралар әскери қызметшілердіӊ, қоғам қайраткерлерініӊ, журналистер мен шаһардыӊ белсенді тұрғындарыныӊ қатысуымен Алматыда, Ақтөбеде және Оралда өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз бір уақытта Алматыда жүгірдік. Сонымен қатар "Мейірім" қорыныӊ шотына онлайн түрінде қаражат аудардық. Марафонды өткізу идеясы өте жақсы, мұндай марафондарды болашақта Алматыда өткізуге болады. Искери қызметшілердіӊ қайырымдылық көрсету бастамасы қазақстандықтар арасында қолдау тауып, ауқымдырақ болып, алдағы уақытта ұдайы өткізіліп тұрса құба-құп болар еді", - деп таулы даярлық жөніндегі команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ныӊ аға лейтенанты Мақсұт Жұмаев өз ойымен бөлісті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қайырымдылық іс-шараға мұндай жан-жақты атсалысу біздіӊ көмегімізге мұқтаж балаларға қолдау көрсету болып табылады. Жүгіруге қатыса отырып, әскери қызметшілер мен қалыӊ жұртшылық өкілдері қайғыларына ортақ болып қана қоймай, еркін түрдегі рақымшылық көрсету арқылы қайырымдылық жасау және балаларға жәрдем беру ісіне үлестерін қоса алады. Ирі қарай мұндай іс-шаралардыӊ ұйымдастырылуын жалғастыру және Қазақстанда дәстүрлі етіп жасау жоспарлануда.

25 қазанда "Отан қорғаушылар" алаӊында "Искери әулет" байқауы шеӊберінде ҚР ҚК қайырымдылық жүгіруі өткізілгенін естеріӊізге сала кетейік. Оған 700-ден аса адам, яғни, ҚР Қорғаныс министрлігініӊ, Ақмола гарнизоныныӊ, ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдерініӊ әскери қызметшілері, олардыӊ отбасы мүшелері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, эстрада әртістері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жүгіру барысында жиналған барлық қаражат "Мейірім" қоғамдық қоры мен "Балаларға өмір сыйла" қорына тапсырылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны