15.01.2015, 17:45 4217

Астанадағы радиациялық көрсеткіш Калачиден кем соқпайды - вице-министр

"Ұйқы дерті" жайлаған Калачи селосындағы радиациялық көрсеткіштер Алматы мен Астанадағыдан жоғары емес. Журналистердіӊ сұрағына жауап берген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай мәлім етті

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Ұйқы дерті" жайлаған Калачи селосындағы радиациялық көрсеткіштер Алматы мен Астанадағыдан жоғары емес. Журналистердіӊ сұрағына жауап берген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Калачи селосында радиациялық көрсеткіштер Астана мен Алматыдан жоғары емес", - дейді вице-министр, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бұрынғы кен орындарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

"Илі де жүргізіліп жатыр. Калачидегі адамдардыӊ ұйықтап қалуыныӊ уран шахталарымен тікелей байланысы жоқ. Калачиде қазір арнайы жедел әрекет ету тобы жұмыс жасап жатыр, олар радиациялық көрсеткіштердіӊ өзгеруін анықтамады", - деп түйіндеді Б.Жақсалиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны