20.12.2009, 17:30 3025

Астананың Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты 40 рейс кейінге шегерілді

Астананың Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты 40 рейс кейінге шегерілді

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астананың Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты 40 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Астананың Халықаралық әуежайы" АҚ-ның өндіріс жөніндегі вице-президенті Сейіл Қыпшақбаевқа сілтеме жасап.

Қазіргі жағдаймен Астананың Халықаралық әуежайы өз жұмысын қайта жандандырды. "Мұздан тазарту жұмыстары аяқталды, әуежай қалыпты жұмыс істей бастады", - деді Сейіл Қыпшақбаев.

Акционерлік қоғамның маркетинг департаментінің маманы Людмила Копейчуктың айтуынша, Астананың Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағының қатып қалуына байланысты келетін 20, кететін 20, барлығы 40 рейс кейінге шегерілді.

"Иуежайдың жұмысы қайта жанданды. Қазір Атырау және Тараз рейстеріне тіркеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Л. Копейчук.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны