08.06.2012, 09:21 1555

Астананың жасыл аймағында 60 мың гектар орман екпесі отырғызылды

Бүгін ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Астана қаласының қала шетіндегі аймағында қорғаныш екпелерін құру технологиясы" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Астананың жасыл аймағында 60 мың гектар орман екпесі отырғызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Астана қаласының қала шетіндегі аймағында қорғаныш екпелерін құру технологиясы" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

"Ғылыми-тәжірибелік кеңестің негізгі мақсаты - Астана қаласының қала шетіндегі аймағында қорғаныш орман екпелерін құру және күтіп ұстау технологияларын жетілдіру. Сонымен қатар, олардың сапасын, қолайсыз климаттық және орман өсіру жағдайларына орнықтылығы мен тиімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі кезде оны шешудің жолы - экологиялық, биологиялық, технологиялық және ұйымдық іс-шаралар кешенін әзірлеу және қолдану", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Астана қаласының жасыл аймағы аумағында 60 мың га орман екпелері отырғызылған. Болашақта Астананың шекарасына барынша жақын аумақта қорғаныш екпелері құрылмақ.

Қала шетіндегі аудандарда тұздану мен сортаңдану дәрежесі әртүрлі топырақ қабаттары кең тараған. Осыған орай, технология мәселелері, тұқым базасы, отырғызылатын ағаш сапасын арттыруға және жер өңдеу машиналарының заманауи кешендерін қолдануға баса назар аударылатын болады.

"Кеңестің қорытындылары бойынша Астана қаласының жасыл аймағын құру мәселелері жөнінде ұсыныстар қабылданды", - деп атап өтті баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны