02.06.2011, 15:48 5265

Атырау мұнай өңдеу зауытына пайдаланылған ағынды суларды сыртқа төккені үшін 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Жайық-Каспий экология департаменті табиғатты қорғау прокуратурасының шешімімен кәсіпорынға 8,65 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу үшін 1,3 миллион теңгенің шағымы ұсынылды.

Атырау. 2 - маусым. Kazakhstan Today - Атырау мұнай өңдеу зауытына пайдаланылған ағынды суларды сыртқа төккені үшін 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде табиғатты қорғау прокуроры Сапар Тұрсынбековтың аға көмекшісі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Рейдтік тексеріс барысында АМӨЗ элеваторы мен Химауыл аудандарында орналасқан буландыру аулаларынан ағынды суларды төгу фактілері анықталды. Нәтижесінде залалды кір сулар 150 мың шаршы метр аумаққа жайылған.

Жайық-Каспий экология департаменті табиғатты қорғау прокуратурасының шешімімен кәсіпорынға 8,65 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу үшін 1,3 миллион теңгенің шағымы ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны