07.03.2012, 14:27 3924

Атырауда 1-сәуірден бастап ауыз су қымбаттайды

Атырау облысының табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігі департаментінен хабарлағандай, айына бір адамға 3 текше метрден көп емес суды қолданатын жеке тұлғалар үшін бір текше метр үшін 28 теңгені құраған тариф бекітілді. Егер суды қолдану 3 текше метрден асырылса, 32,48 теңге төлейтін болады. Есептегіш құралдары жоқ тұлғалар үшін де 1 текше метр үшін 32,48 теңгелік тариф белгіленді.

Атырау. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Атырауда 1-сәуірден бастап ауыз су қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Атырауда 1 сәуірден бастап суға сараланған тариф бекітілді.

Атырау облысының табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігі департаментінен хабарлағандай, айына бір адамға 3 текше метрден көп емес суды қолданатын жеке тұлғалар үшін бір текше метр үшін 28 теңгені құраған тариф бекітілді. Егер суды қолдану 3 текше метрден асырылса, 32,48 теңге төлейтін болады. Есептегіш құралдары жоқ тұлғалар үшін де 1 текше метр үшін 32,48 теңгелік тариф белгіленді.

Жылу энергиясын шығару, беру, үлестіру, қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін су бағасы 92,96 теңге, ал бюджеттік ұйымдар мен басқа заңды тұлғалар үшін - 1 текше метр су үшін 168,56 теңге болды.

Изірше бірыңғай, судың сараланбаған тарифі бар - бұл тұрғындар үшін бір текше метр суға 20,14 теңге және ұйымдар үшін 142 теңгені құраған тариф.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны