28.05.2013, 15:54 2631

Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды. Облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Қайыршахты ауылдық округының Томарлы ауылында орын алған. Жолда 2 жасар қызды қағып кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырауда 2 жасар баланы өлімші қылып қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды. Облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Қайыршахты ауылдық округының Томарлы ауылында орын алған. Жолда 2 жасар қызды қағып кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.

Сәбиді өлімші қылып соғып өткен жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қыз баланы үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан "Газель" автокөлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны