22.01.2015, 19:02 4269

Атырауда балалардыӊ белгісіз затпен жаппай улану оқиғасы тіркелді

Атырау облыстық ТЖД деректері бойынша 18 бала зардап шеккен, барлығы да облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Атырау. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 22 қаӊтарда, ТЖД пультіне қала сыртындағы Жұмыскер ауылыныӊ Тайманов атындағы орта мектебінде ауадағы белгісіз затпен жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Атырау облыстық ТЖД деректері бойынша 18 бала зардап шеккен, барлығы да облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бізге аурухана қабылдау бөлмесінде жиналған ата-аналардан белгілі болғандай, спортзалда мектепішілік шара болып жатқан. Шараға қатысушылар күрт тұншыға бастағандарын сезгенде, барлығы сыртқа жүгіре жөнелген, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Олардыӊ айтуынша, ер балалардыӊ бірі, Алмаз СЕРІКҚАЛИЕВ, қыздардыӊ шығуына көмектесіп, залдан соӊғылардыӊ бірі болып шыққан. Міне сол бала басқаларынан көп зардап шегіпті.

Улану себебі әлі белгісіз. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сол жерде тұншықтыратын иіс сезілгенін айтады. Ғимаратты газоанолозатормен тексеріп шыққан "ҚазТрансГаз Аймақ" филиалыныӊ дефектоскопшысы бұл метан емес деп сенімді түрде айтып, осы туралы сәйкесінше акт жасады. Мектеп аумағы қазіргі уақытта полициямен қоршалған, ғимаратта ТЖД мамандары жұмыс жасап жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны