17.01.2014, 19:23 24967

Атырауда балалардың мәдениет орталығы ашылды

"Мекеме "Даму" қоры арқылы "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының көмегімен ашылды. Ұлттық мәдени мұрамызды қайта жаңғырту мақсатында балалар үшін киіз үй формасында "Ертегілер мұражайы" біртіндеп Атыраулық суретшілер мен педагогтарды бірлесіп жұмыс жасауға тартқан", - делінген хабарламада.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау қаласында балалар "Ертегі" мәдениет орталығы ашылды, аталмыш мекеменің Қазақстанда баламасы жоқ, деп Атырау облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Мекеме "Даму" қоры арқылы "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының көмегімен ашылды. Ұлттық мәдени мұрамызды қайта жаңғырту мақсатында балалар үшін киіз үй формасында "Ертегілер мұражайы" біртіндеп Атыраулық суретшілер мен педагогтарды бірлесіп жұмыс жасауға тартқан", - делінген хабарламада.

Қалалық білім беру бөлімі интерактивті мұражайдың ашылуына көмегін тигізген.

Айта кетсек, орыс және қазақ тілдерінде 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге "Қардан соғылған бауырсақ", 6-12 жастағыларға "Изумруд қаласындағы Элли және оның достарының жаңа жылдық бастан кешкен оқиғалары", 4-12 жастағыларға "Ертегіге қонаққа барғанда", 12 жастан жоғары балаларға "Лукомрьяда..." қойылымдары ұсынылады.

Сондай-ақ, қолөнер, би сыныптары, терімен жұмыс істеу үйірмелеріне алдын ала жазылуға болады. Туған күнге арналған кештер де өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны