06.05.2008, 14:03 3952

Атырауда күкіртті сақтайтын ұлттық орталық құрылады

Атырауда күкіртті сақтайтын ұлттық орталық құрылады

Атырау. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Атырау облысында күкіртті сақтайтын ұлттық орталық құру жөніндегі бірінші жобаны жүзеге асырмақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісіне "Каспий" ИКК сілтеме жасай отырып.

"Каспий" ИКК басқармаларынң төрағасы Болат Палымбетов хабарлағанындай, бұл жоба Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дэвид О. Райлимен кездесуі кезінде Атырау облысында экологиялық жағдайдың нашарлауына тоқталды. Сондай-ақ, бүгінгі күні аспан астында 8 млн тонна күкүрттің сақталып жатқаны жөнінде мәселе көтерілді.

"Теңізшевройл" ЖШС екінші кезеңдегі жобаның аяқталуына орай күкіртті шығару көлемі екі есеге ұлғаяды. Теңізде түйіршіктелген және қабыршақты күкірт түрін шығару өндірісі жолға қойылған. Күкірттің бұл түрлері қарқынды жылдамдықпен сатылуда. Жеке жоба аясында күкіртті жер қатпарларына қайта енгізу, күкіртті өртеу және оны ұзақ мерзім бойы сақтау сияқты амалдары қарастырылуда. Тауарлы күкіртті шығарудың жаңа қондырғылары құрылысын салу да көзделуде.

Б. Палымбетовтың сөздері бойынша, "Атырау облысында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, күкірт шығару өндірісін қолға алу аса өзекті мәселеге айналып отыр. Сондай-ақ, күкіртті сақтайтын ұлттық қор құру туралы шешім де уақытылы қабылданды. Қазіргі кезде "КИНГ"АҚ күкірт сақтайтын Ұлттық орталық құру бағдарламасын дайындады ".

Б. Палымбетов атап өткеніндей, "мұндай орталықты құрудың мақсаты Атырау облысының экологиясына түсіп отырған ауыртпалықты азайтып, Қазақстанның күкірт ресурстарын басқару және күкіртті ұзақ мерзімді сақтау мәселесін шешу".

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігі орталықты құруға атсалысады. Бұл мекемелер мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесінің сақталуына және табиғатты қорғау жөніндегі заңнамасының орындалуына қатысты бақылау жүргізетін болады.

"Каспий" ИКК жобаға техникалық қолдау көрсетеді. Оған орталықты құру, қаржыландыру, жер учаскелерін бөлу жұмыстары, құрылыстарды жүргізу жөніндегі тендерді өткізу және операторды таңдау сияқты жұмыстарды атқару міндеттері жүктеледі.

"Теңізшевройл" ЖШС бұл жобаның жүзеге асырылуына атсалысып, техникалық көмек көрсететін болады. Компания тұжырымды дайындау сатысында кеңес беріп, техникалық экономикалық негіздемесін қаржыландыратын болады.

ИУУ басшысы атап өткеніндей, жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде(2008 - 2009 жылдары) оның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалса, екінші кезеңде (2009 - 2010 жылдары) жобалық қаржылық құжаты мен құрылысы тұрғызылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны