06.10.2009, 10:53 1578

Атырауда құлаған көпірдің оң жақ бөлігі судан шығарылды, екі құрылысшыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Атырауда құлаған көпірдің оң жақ бөлігі судан шығарылды, екі құрылысшыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Атырау. 6 қазан. Kazakhstan Today - Атырауда құлаған көпірдің оң жақ бөлігі судан шығарылды, екі құрылысшыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда Орал өзеніндегі көпірдің құлау зардаптарын жою және "Трансстроймост" АҚ-ның екі жұмысшысын іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгінгі күні құлаған көпірдің оң жақ бөлігі судан шығарылып, пирске сүйретіліп жеткізілді. Оны бульдозерлер мен жүкарбаның көмегімен судан шығаруға қадамдар жасалуда. Босатылған понтондар көпірдің екінші бөлігіне жеткізілуде. Сүңгуірлер судан көтерілген платформаның маңайын тексеріп жатыр.

Оқыс оқиғаның алғашқы күндерінде табылған қаза тапқандардың мәйіттері Қызылорда және Алматы облыстарына жеткізілді, соңғы табылғаны - 34 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 11 қыркүйекте болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны