04.07.2008, 18:35 2881

Атырауда жарақаттану және ортопедия саласындағы бірегей операциялар жасалады

Атырауда жарақаттану және ортопедия саласындағы бірегей операциялар жасалады

Атырау. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атырауға жарақаттану және ортопедия саласындағы бірегей операцияларды жоғары деңгейде жасауға арналған озық үлгідегі жаңа медициналық аппарат жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облыстық ауруханасына сілтеме жасап.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Айбек Ғабдуллиннің хабарлауынша, оны сатып алуға ауруханаға бір ірі бірлескен кәсіпорын көмектескен. Бұл АҚШ-та өндірілген адам сүйегін өңдеуге арналған суперзаманауи медициналық аппараттың ңе соңғы үлгісі.

"Облыстық ауруханада 2007 жылдан бастап Республикалық жарақаттану және ортопедия ҒЗИ қолдауымен операцияның жаңа түрі - ұршықты жасандысына алмастыру операциясы енгізілді. Осы мақсатта 50 жасанды протез сатып алынып, 7 операция сәтті жасалды", - деп хабарлайды облыстық ауруханадағылар.

Бірегей аппарат 3 млн 900 мың теңге тұрады. Травматолог мамандарда сүйекке қатысты заманауи операциялар жасауға мүмкіндік туды. Қымбат операциялар тегін әрі жергілікті жерде жасалуда, ал бұрын атыраулық науқастар оны жасату үшін алыс, жақын шетелдерге жол тартатын. Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері Германия мен Мәскеуде мамандық шыңдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны