30.11.2006, 19:01 7361

Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда

АЛМАТЫ. 30 қараша. Kazakhstan today. Ауа райын болжаушылар желтоқсанның екінші жартысында Алматыда қатты суық болады деп болжауда,-деп хабарлайды Kazakhstan today.

Желтоқсанның екінші жартысында ауа температурасы түнде 2-7 градусқа, ал күндіз 1-6 градусқа дейін көтеріледі, ал одан кейін ауа райы күрт суытып, түнде 20-25 градус аяз болса, күндіз 14-19 градусқа дейін төмендейді",-деп Kazakhstan today агенттігіне "Қазгидромет" РМК бас маманы Светлана Аманқұлова хабарлады.

Екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы қайта көтеріліп, үшінші онкүндікке таман түнде 5-10 градус суық болса, күндіз 3-8 градус суықты көрсетпек.

Температураның тағы бір төмендеуі үшінші онкүндіктің аяғына қарай болады деп болжанады. Жаңа жыл қарсаңында Алматыда түнгі температура 20-25 градус аязды көрсетсе, күндіз 12-17 градус болмақ.

Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде түнгі температура 1-6 градустан 7-12 градусқа дейін ауытқыса, күндіз 3-8 градустан 2-7 градус суық аралығында болмақшы.

"Жалпы айдағы орташа ауа температурасы 4,4 градус аязды көрсететін болса, бұл Цельсий бағаны бойынша белгілі межеден 2 градусқа төмен,-дейді Аманқұлова.

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп болады (норма - 44 мм). Қар айдың бірінші онкүндігінде, екінші және үшінші онкүндіктің 1-ші жартысында жауады деп болжанып отыр,-дейді "Қазгидрометтегілер".

"Тұман желтоқсан айының бірінші онкүндіктің 2-ші, екінші онкүндіктің басы мен аяғында, сонымен қатар, үшінші онкүндіктің аяғында түседі деген болжам бар",-деп хабарлайды синоптиктер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны